Белгілі кәсіпқой боксшысы Қанат Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты. Бұл туралы өзінің инстаграммдағы ресми парақшасында жазды.
"Қанат Ислам Америкада "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты. "QAZAQ promotions" Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады.
Бүгінде "Main event" промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу ең басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде. Суретте әріптестеріміз "Main event" промоутерлік компаниясының иесі, промоутер Kathy Duva және менеджер Egis Klimas",- деп жазды боксшы.
 

Қазір Қанат Ислам Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр.