Тіл – актердың сахнадағы қаруы. Қаруың мықты, оғың түгел болсын десең онда сенің әріптерің мықты болу керек.
Қазақ радиосы «Сахна сыры» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова қазіргі жастардың нормаға сай қазақ тілінде сөйлемейтінін тілге тиек етті.

«Қазіргі студенттер келген кезде қазақша емес, басқа бір тілде сөйлеп тұрғандай көрінеді. Мысалы: «Саламатсыз ба. Сіздердын калыныз калай?» -дегендейін. Осындай бір мәнер тауып алған. Және бұны балалар қазақша жақсы сөйлеп тұрмын деп есептейді. Оны норма ретінде қабылдайды. Бір қызығы бұл балалар тіпті орысшаны да білмейді және қазақшасының деңгейі мынандай күйде. «Ң» деген әріп жоқ. Мен таң қаламын. Ұстаз болғаннан кейін үйретесін. Сабақта бір нәтижеге жетуге тырысасың. Әрине, талантты балалар да бар. Бірақ, өкінішке орай түсініксіз тілде сөйлеп жүргендер көңілді қынжылтады. Ол дерт тек қана студенттер арасында емес, эфирге де кіріп бара жатыр» - дейді актриса.