Осы жылдың 14 наурызынан бастап сағат 23.00-ден Ы. Дүкенұлы көшесінде Ш.Айманов көшесінен Ы. Дүкенұлы көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты, бірқатар автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі,- деп хабарлайды Астана қаласының Ішкі істер департаменті Әкімшілік полициясы басқармасы.

№ 14, 48 автобус бағдарларының қозғалысы Ы.Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына уақытша көшіріледі.

№ 52 автобус бағдарының қозғалысы Бөгенбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, әрі қарай солға Бөгенбай батыр даңғылына, оңға Ш.Айманов көшесіне, әрі оңға Ы.Дүкенұлы көшесіне, солға Ш.Уәлиханов көшесіне, әрі қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша жүреді.

Астана қаласының ІІД сыған орай, жол кептелісін болдырмау мақсатында жүргізушілерді алдын ала бағыттарды ескеруді сұрайды.