Қазіргі таңда бас аяғы тек қалпақты айтатын болсақ 20-дан асады. Қысқы, жазғы бас киімдерді санасақ 70 шақты болып қалады-ау. Шынын айтсам кейде миым ашып кетеді.
Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасының қонағы – әнші Нұржан Керменбаев өз хоббиі жайлы айтып берді.

«Сыйлыққа алатын кездерімде болған. Негізі жиі алатын өзім. Әсіресе шетелге шыққанда көп алам. Көріп қалсам, жалпы қызығамын. Негізі, қатты қымбат тұрмайды ғой. 5 мыңның шамасында тұрады. Ең қымбаты құдамның берген сыйы шығар. 100 доллардан аса тұрады. Бұдан бөлек тапсырыспен тігілген «Қара бала» атты кепкаларым бар. Бұл хобби концертке дайындықтан басталған дүние» - дейді әнші.