Көрерменге интелектуалды өнім ұсынсақ, спектакльдің соңында өзін ақымақ деп есептейтін көрермен ақылды болып шығады. Көрерменді бағаламаудың қажеті жоқ. Көрермен қазір өте білімді.
Қазақ радиосы «Сахна сыры» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актриса Айнұр Бермұхамбетова театр көрермендері жайлы өз пікірін білдірді.

«Біз театрды трибунаға айналдырмасақ болды. Театр тәрбиелейді. Театр - бұл рухани тазаратын орын. Мысалы, тарихты білгің келсе «Абылай ханға» кел, «Абайға» кел. Көрермен келмейді деп айтпаймын, келеді. Біздің режиссерларға айтарым бар: «Мына спектакльге келмеуі мүмкін, басқа қызықты нәрсе қоя салайық» - деп көрерменнің жетегінде кетпеу керек деп ойлаймын».