Нұржан Керменбаев былтыр алғаш шығармашылық кешінде: «Егер осы кеш ойдағыдай өтсе, жылда концерт беруге дайынмын» - деген болатын. Шығармашылық кеш берудің қиындығы жайлы әнші Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасында айтып берді.

«Тырнақ астынан кір іздесең табыла береді. Бірақ, жыл сайын концерт беру қиын. Республика сарайында концерт беру - Алматы қаласындағы толыққанды 3 бөлмелі пәтердің ақшасымен пара-пар. Өте қымбат. Мен жыл сайын 3 бөлмелі пәтер сатып ала бере алмаймын. Біз бар тапқанымызды сол жаққа салдық. Және бір қиындығы бір-ақ күн береді. Көбісі біле бермейді, ақысы өте жоғары. Бірақ, жақсы ұсыныстар түсетін болса келесі жылдары беріп қалармыз» - дейді әнші.