"Қазақстан" РТРК" АҚ "balapan" телеарнасы жаңа маусымда көрермен назарына 9 жоба ұсынды. Бұл туралы 13 наурыз күні "Қазмедия орталығында" өткен таныстырылымда мәлім болды.

Жиынға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бастаған мелекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен журналистер балаларымен бірге қатысты.




Алқалы шараның басты ерекшелігі - жаңа жобаларды "168 сағат" ақпараттық хабарының негізінде жас жүргізушілер өздері таныстырды. Бұдан бөлек, кішкентай қонақтарға арнайы базарлықтар таратылып, аниматорлар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.