Әлеуметтанушылар интернетті пайдаланатындардың 50 %-ы виртуалды махаббатты бастан кешіргендер дейді. Виртуалды махаббаттың сыры неде? Интернет арқылы шынайы махаббатты кездестіруге бола ма? 

Ермек және Алмагүлдің шынайы махаббаты осы сұрақтарға жауап болары анық. Екі жастың интернетте тұтанған сезімдері махаббат әлемінде жалындаған. "Екі адам бірін-бірі шын сүйсе екеуі де алтын, махаббатта бақыр жоқ..." деп Ілияс Есенберлин айтқандай, Алмагүл мен Ермек екеуі кезіккен сынақтарға еш мойымай, алтындай сезімдерін ардақтай білді. 

Ермек Шанхай шаһарындағы жоғары оқу орынын бітірген соң Үрімші қаласында импорт-экспортпен айналысатын ірі компанияда жұмыс істейді. Бір күні Ермек интернет арқылы Алмагүл деген арумен танысады. 5-6 ай сөйлесе, сырласа келе, екі жас бір-біріне ынтық бола түседі. Алмагүл хордың қызындай әдемі, қыпша белді, ақылына көркі сай болса, Ермек кең жауырынды, аса келбетті әрі парасатты жігіт еді. Екеуі уақыт өткен сайын бауыр басып, хат алыспаса тұра алмайтындай дәрежеге жетеді. Қиялындағы сұлуды жолықтырған Ермек қызды бір көруге ынтық болып, Алмагүлге кездесу талабын қояды. Ал, Алмагүл болса әртүрлі сылтауды алға тартып, кейінге қалдыра береді. Тағаты таусылған жігіт бірден құда түсіп баратын айтады. Соңында қыз да ата-анасымен ақылдаса келе келіседі. Ермек ғашығына үлкен дайындықпен жол тартады...

Ермек пен Алмагүлдің әсерлі махаббат хикаясын Қазақ радиосының "Радио новелла" бағдарламасынан тыңдай аласыздар.