Елбасы өз мақаласында: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», - деп атап өтті. Осыған орай «SmartCity» тұжырымдамасының 30 жобасы жүзеге асырылуда.
Олардың негізгілері:
- балабақша кезегіне қоюдың электронды жүйесі енгізілді.
- туу туралы куәлікті толтыру үшін сәбиді смс көмегімен онлайн тіркеу жүзеге асырылуда.
- сондай-ақ, медициналық ақпараттық жүйе; «Е-КСК» жүйесі; «Қауіпсіз қала» жобасы; «SmartUralsk» орталығы, «Ашық әкімдік» кеңсесі және т.б. енгізілді.

«Ашық әкімдік» қызметін бүгінде 30 мыңнан астам тұтынған.
Мәселен, осы жобаларды іске асыру нәтижесінде біздің облыста заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдары өткен жылы 2016 жылмен салыстырғанда 17,6 процентке азайғанын көріп отырмыз.

Алтай Көлгінов сонымен қатар, батыс өңірінде жастардың әлеуетін арттыру үшін облыс орталығында және Ақжайық ауданында коворкинг-орталықтары ашылып, орталықтың ішінде «Рухани жаңғыру» кабинеті қызмет етіп жатқанын айтты.