«Келін болып түскенде қайын жұртым жылы қабылдады.  Ата-анам да қазақ азаматына тұрмысқа шығуыма қарсы болған жоқ. Қысқасы, психологиялық қиындықтар болмады. Тұрмысқа шыққаннан кейін сүйікті ісімді кәсіп көзіне айналдырдым. Осы жағында ата-енем де, жолдасым да көп қолдау көрсетті» дейді қазақ келіні Олеся Ромкина.

Олеся бұл туралы Қазақ радиосының "Ақ отау" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
«Жақында жеке кондитерлік цехымды аштым. Өзім бәліш, тәтті тоқаштар пісіргенді жақсы көремін. Бала күтіміне байланысты демалыста отырғанымда тәттілер пісіруге әуес болдым. Теледидар мен журанлдардан түрлі рецепттерді алып, үйде дайындап жүрдім. Кейін жолдасым екеуміз ақылдаса келе бұл қызығушылығымды кәсіп көзіне айналдырдық. Әрине, оның ішінде қазақтың ұлттық тағамдары да бар. Мысалы, бауырсақ, жент тағы басқалары...» - дейді Олеся Ромкина.