Өнер деген үлкен бәсекеден тұратын өлке. Бәсекенің болғаны дұрыс. Бәсеке болмаса ештеңе дамымайды. Өнерде тек атақ дәрежең, қоғамдағы орның ғана емес, киген киімің, таққан сақинаң, аяқ киіміңнің өзі бәсеке.
Қазақ радиосы «136 сұрақ» бағдарламасының қонағы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші, композитор Елена Әбдіхалықова өнердегі дұшпандары жайлы сөз қозғады.

«Менің әріптестерімнің арасында дұшпандар жетерлік. Ондай жандар маған керек. Міндетті түрде керек. Олар болмаса өмір қызық болмайды. Жұрттың бәрі жақсы, жақсы деп мақтай берсе, адамда өсу болмас еді. Менің сол дұшпандарымның бар болғанына да шүкіршілік қыламын. Тек бір сұрарым бар. Дұшпандарымның да деңгейі, парасаты, салмағы болса екен деймін. Күн көрінген адаммен дұшпан болғанды жақтырмаймын. Кез келген қазақтың досынан дұшпаны көп» - дейді әнші.