«Жүректен жүрекке» қоғамдық қоры алғаш еріктілер тобы болып Атырау қаласында 2013 жылы құрылды. Бастапқыда 4 адам болып құрылған. Қазіргі таңда Батыс өңірінің Атырау, Ақтау, Орал және Ақтөбе қалаларында «Жүректен жүрекке» тобымен жұмыс жасайды. Әрқайсысында 100-ден жоғары топ мүшелері бар. Жүректен жүреккенің негізгі мақсаты - жастардың басын біріктіріп, қайырымдылық жасау.
Қазақ радиосы «Жан жылуы» бағдарламасының қонағы – «Жүректен жүрекке» қайырылымдық қорының негізін қалаушы Әмина Жәрдемқызы жиналған қаражаттың қандай еңбекпен келгенін айтып берді.

«Бұл жастар үшін жетістік деп есептеймін. Біздің қоғамдық қордың басқа қоғамдық қорлардан айырмашылығы - біз бұл қырық миллионды жастардың көмегімен жинағанбыз. Әрбір жастың бойында бір өнері болады. Біреу поэзияға жақын болады, біреу ән айтады, біреу би билейді. Сондай бір талантты жастардың басын қосып, акциялар, концерттер ұйымдастырып, осындай қаражат жиналған болатын. Әрбір тиынға есеп беріп, әлеуметтік желіде барлығын ашық жүргізіп отырғанымыздың арқасында. Біз тіпті инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы киви кошелек ашып, белгілі бір емге қажет ететін баланың құжаттарын салып, жағдайын жазып, ата-анасының шотын тіркегенде, кейде 200-300 мың тенге бір аптада жиналып қалғанынак куә болып жатамыз. Бастаған кезде «Бұл шұбырып жүрген жастар» - деп сенбейтін» - дейді жоба жетекшісі.