Жер шарында өсімдіктердің 500 миллионнан астам түрі бар. Ал, Қазақстанда 15 мыңдай түрі бар. Қазақстанның қызыл кітабына пайдалы өсімдіктердің 150 түрі енгізілген. Қызыл кітапқа еніп жатқан өсімдіктердің саны артпаса, кеміп жатқан жоқ.
Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы – Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің биология ғылымдарының докторы, профессор Айдарбекова Дина Қайсарбайқызы өсімдіктерді қорғау керектігін тілге тиек етті.

«Қазір жердің жеке меншік болуына байланысты, жердің жыртылуына байланысты, малдың жайлауға шығаруына байланысты көптеген өсімдіктердің жоғалу қаупі туып тұр. Мысалы, біз өзіміздегі өсімдіктерді шетелге сатамыз. Бірақ, өзіміз сол шетелден келген дәрілерді қымбат бағаға сатып аламыз. Яғни, бұл өсімдіктерді сақтап қалу үшін шектеу қою керек. Сатуға да, жинауға да шектеу қою керек» - дейді профессор.