«Қайдан құлақ шығарса да, қазаншының өз еркі». Егер, әкімшілігі таза қазақы болса, таза орыс мектебіне қарағанда аралас мектеп әлдеқайда пайдалы.
Шалқар радиосы «Таңжарық» бағдарламасының қонағы - «KAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжан аралас мектептердің әкімшіліктерін сынға алды.

«Орыс баласы мен қазақ баласы қатар тұрғанда, неге орыс тілді балаға бейімделіп кету керек? Орыс тілді ұжыммен қазақ тілді ұжым аралас отырған кезде, неге жиналыс толық орыс тілінде өту керек? Егер, біз дәл осыны мемлекеттік заңға, мемлекеттік тілге бұрып, әкімшілік жұмыс жасай алса, онда біз таза орыс мектебіне қарағанда аралас мектеп болғанына қуанатын едік. Бірақ, мектеп әкімшіліктері көңілден шыға бермейді. Сондықтан мектеп әкімшілігіне бұл үлкен сұрақ».