Мәди екеуіміз бір мектепте оқығанбыз. Бала кезінен менің қадағалауымда. Өте қаталмын.
Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасының қонағы – әнші Әли Оқапов ағалық қамқорлығы жайлы сөз қозғады.

«Мәди екеуіміздің арамыз тоғыз жыл. Ол менен жаман қорқады. Кей кезде: «Қатты қорқытып жібердім-ау» - деп өзім өкінем. Өйткені, ол да үлкен жігіт. Бұйыртса екі айдан кейін он сегізге толады. Бойы менен бір бас үлкен. Бірақ, әрине, қатты жаным ашығаннан кейін ұрысамын. Өте қаталмын. Кей кезде өзі де: «Сен тым қатты кеттің» - деп айтады. Мен бала кезімде үйден шықпайтынмын. Ал, Мәди даланың баласы» - дейді әнші.