Мен өз бейнебаяныма немесе анамның бейнебаяны болсын ат салысып, өз үлесімді қосуға тырысамын. Бірақ мен жеке режиссер болған жоқпын. Менің ойымша әр адам өз ісімен айналысу керек.
Қазақ радиосы «Армандастар» бағдарламасының қонағы – әнші Әли Оқапов өзінің режиссерлігі жайлы сөз қозғады.

«Режиссер кәсіби тұрғыда оқыған, тоқыған режиссер болу керек деп ойлаймын. Мен тек қана екінші режиссер ретінде, кеңесші ретінде немесе сценарист ретінде жұмыс істегенмін. Бірден режисссер болып, сол бағытқа кетемін деген ой да, жоспар да жоқ. Мүмкін анамның келесі бейнебаянына ат салысатын шығармын. Бірақ, сол бағытта ақша табу деген ой жоқ» - дейді әнші.