"Жас күнімнен ән салуға бейім болдым. Шешемнің өзі әнші еді. Әкем сурыпсалма ақындыққа жақын, бірақ еш жерде өлеңдері жарияланған емес. Солардан дарыған болуы керек, әнді жақсы салушы едім. Бірде музыка училищесінде оқып жүрген Ришат Абдулин деген жігіт: «Сен әнші болуың керек қой»,-деп тілек айтты. Мен ол кезде тым ұяң едім, кісінің алдында ән салмайтынмын. Бірақ жалғыз отырған кезде бір көшені басыма көтеріп шырқайтын едім".

Әйгілі диктор Әнуарбек Байжанбаев Қазақ радиосындағы бір сұхбатында осылай деп сыр ақтарыпты.

"Шығыстың бөктерінде дүниеге келіппін. Әкем анамды Семей қаласынан тұрмысқа алыпты. Абайдың ауылдасы болғандықтан Абайдың тапсырмасы бойынша Семей қаласында үй салдырып, әкемді сонда басқаруға қояды. Сонымен 3 жасымда ата-анаммен бірге Семейге келіппін. Жас күнімнен ән салуға бейім болдым. Шешемнің өзі әнші еді. Әкем сурыпсалма ақындыққа жақын, бірақ еш жерде өлеңдері жарияланған емес. Солардан дарыған болуы керек, әнді жақсы айтушы едім. Бірде музыка училищесінде оқып жүрген Ришат Абдулин деген жігіт: «Сенің  әнші болуың керек қой»,-деп тілек айтты. Мен ол кезде тым ұяң едім, кісінің алдында ән салмайтынмын. Бірақ жалғыз отырған кезде бір көшені басыма көтеріп шырқайтын едім" депті Әнуарбек Байжанбаев .

Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев — диктор, Қазақстанның халық артисі. Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер. Ол 1944 жылы соғыстан оралғаннан кейін, Қазақ радиосына диктор болып орналасады. 1944 жылы 24 маусымда алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радитосында, теледидарында диктор, аға диктор болып қызмет атқарған.