Ғасырлық ғұмыры бар «Қазақ» газеті - басылымның өміршеңдігін дәлелдесе керек-ті. Тіпті, қазақ халқы газет – журнал арқылы оқу мәдениетін қалыптастырды. Алайда, қазіргі қоғам, жаңа медианың  жаңашылдықтарын көп қолданады.
«Жайлауда жүрген жұртшылықтың қолында «Жұлдыз» журналы болды. Сол уақытта 300 мың таралыммен жарыққа шыққан. Ауыл тұрғындары осы басылым арқылы ақпарат алды. Совет, қазақ, әлем әдебиетінен хабардар болды. Көзі ашық, көкірегі ояу болды. Өкінішке орай, қазір кітап оқу дәстүрінен, газет оқу дәстүрінен ажырап бара жатырмыз», - дейді журналист  Нұртөре Жүсіп.
Қазақ сайттары редакторларының форумында журналист  Нұртөре Жүсіп  газеттерді біріктіруді ұсынды. Сондай-ақ, ақпараттық ілгерілендіру мәселесін де алға тартты. Қаламгердің айтуынша, аудандық, қалалық, облыстық басылымдарды мемлекеттік тілде басып шығару қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, оларды әлем тілдеріне аударылуын да ортаға салды.