«Қытай сауда-саттық соғысын жүргізуге ниетті емес. Өйткені одан ешкім де ұтпайды. Алайда, әлемдік сауда соғысы болса, Қытай одан қорықпайды».
АҚШ-тың бұрынғы Қаржы министрі, Америкалық Полсон хедж-қорының басшысы Генри Paulson мырзамен кездесуінде Қытай Сауда министрі Чунь Шань осындай мәлімдеме жасады.

«Қытайға қарсы істеп отырған АҚШ-тың іс-шаралары негізсіз деп білемін»,- деді Amway корпорациясының президенті Даг ДеВос «Қытай Дамуы 2018» форумында БАҚ-қа берген сұхбатында. Ол кейбір экономикалық мәселелерде Қытай мен АҚШ-тың пікірлері қарама-қайшы болғанымен оларды қиындық тудырмай, ортақ келісім мен диалог арқылы шешуі тиіс екенін айтады.
«Қытай-АҚШ сауда маңызын ескермеу мүмкін емес, сондықтан екі тарап та әділ сауданы қолдауы қажет», - деп сөзін толықтырды Даг ДеВос.

«人名网» порталының жазуынша Құрама Штаттар соңғы жылдары сауда-саттық саласында тергеуді күшейтуде. Оған қарсы Қытайдың да шара қолдану мүмкіндігі кәсіпкер мен инсайдерлерді алаңдатып отыр.

«АҚШ-тағы көптеген коммерциялық және өнеркәсіптік топтар - АҚШ-Қытай сауда қарым-қатынастарының негізгі күші. Ал, олар сауда соғысын әсте қаламайды» - деді Полсон

Қытайдың белгілі «Ruihua» бухгалтерлік компаниясының акционері Лиянци Чжан:
«АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлауда жеңуіне, көбінесе, ауыл шаруашылығымен айналысатын ірі өкілдері мен тұлғаларының қолдауы көмегін тигізді. Сондықтан Қытай қарсы шараларды ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағыттай алады. Бұған қоса, Қытай АҚШ-ты алмастыратын импорттаушы басқа да елдерді оңай табады. Бұған күмән жоқ» деді.

Бүгінде АҚШ пен Қытай сауда қарым-қатынасында отаса алмастай күйге түсті. Бұл қырғи қабақтық екі ел үшін де, әлем экономикасы үшін де жаңа шиеленісті мәселеге айналып отыр.

Қайнар көзі: 人名网