«Қазақ «Жақсылығын асыр, жамандығын жасыр» деген. Жақсылығын асыр деген - көзінше мақтау емес. Басқаларға үгіт қылып, насихат ретінде айту» - дейді Балғынбек Имашев Шалқар радиосы «Айтыстың ақтаңгері» бағдарламасында берген сұхбатында.

«Баяғыда шындықты айтып, бетіне мақтаған кезде: «Ай белін үздің ғой» - дейтін. Қазір біз белді үзгенін қалап тұратындай деңгейге жеттік. Бұрындары біреу мақтау айтса, шынайы мұсылман Құдайдан қорқып: «Я Аллахым! Мені мақтаған үшін жазалай көрме» - деп, кешірім сұрайтын. Қазір, шынымен де жанымыз мақтауды қалап тұрады. Содан кейін «Мақтағанды Құдай да жақсы көреді» деген мақал шығарып алдық. Бұл өте қате ұғым. Ала тағала мақтауды жақсы көрмейді, мақтауға лайықты сол ғана. Қалғандарымыздың кемшіліктеріміз бар».