Макао - өте шағын арал. Бірақ, өте әдемі, таза. Бұл жерде 40-қа жуық әлемдегі ең ірі козинолар орналасқан. Лас вегастан кейінгі екінші орында.

Қазақ радиосы «Радио саяхат» бағдарламасының қонағы - журналист, саяхатшы Салтанат Серікқызы Макао аралына жасаған саяхатынан алған әсерімен бөлісті.

«Макаоға Гонконгтан паром арқылы 50 минутта жетіп барасыз. Макаоға барудың құны 150-180 гонконг доллар есебінде. Макаода өз ақша айналымы бар. Бірақ, ақшаны ауыстырып қажеті жоқ. Егер сіздің қолыңызда Гонконг доллары болса олар қабылдайды.

Макаода ақшаңызбен уақытыңызды үнемдеу үшін экскурсавод алғаныңыз жөн. Бұл жердегі атап өтетін жер – «Венеция» отель козиносы. Оның ішінде Венеция қаласының көшірілген жобасы салынған. Тіпті аспандағы шатыры Венецияның аспаны тәрізді істелінген. Күндіз, кешке ауа-райына қарай фондық сәулелер өзгеріп тұрады. Ішінде қайыққа мініп серуенге шығып, шопинг жасауға болады» - дейді саяхатшы.