Осыдан бір жыл бұрын ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Нұр Астана» орталық мешітінің жанынан «Жібек» қыз-келіншектер клубы құрылған болатын.

Клуб ұлттық дәстүр мен сананы дәріптеп, "бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен" аяулы жандарды игі істерге ұйытуды мақсат етті. Бұл бағытта өнімді жұмыстар атқарған ұйым мүшелері бүгінге дейін 30-ға жуық қоғамдық, мәдени, қайырымдылық шара ұйымдастырды. Әсіресе, «Жібектің» қыздары мұқтаждарға қайырымдылық көрсетуге ерекше ден қойып, «Мейірімділік мекені» жәрмеңкесін ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. 

Қазақ радиосының "Жан жылуы" бағдарламасына сұхбат берген «Жібек» клубының қыз-келіншектері алдағы уақытта да ізгі мақсатттарда өз қызметтерін жалғастыруға ниетті екендерін айта келе, әуелі адам, сосын мұсылман болған соң жақсылық жасау парыз деп білетіндерін жеткізді. 

Айта кетерлігі, "Мейірімділік мекені" жәрмеңкесі жыл сайын, наурыз мерекесі, ораза, құрбан айт қарсаңында "НұрАстана" мешіті жанында өтеді. Ниет танытып, қайырымдылыққа ат салысқысы келетін кісілер сонда барып, тәтті тағамдар, киім-кешек, ойыншық, тұрмыстық заттармен, сондай-ақ мұқтаж жандарға ақшалай да көмектерін көрсетсе алады.
Анық ақпаратты 8 701 1442432 нөміріне хабарласып білуге болады.