Мәриям Хакімжанова 20-шы ғасырмен бірге жасаған ақындардың бірі. Бейімбет Майлинді көрген, білім қуып, соңына ерген ол Ғабит, Сәбит сында жазушылармен қатар жүрді. Сырбай, Ғафу, Қайнекей, Жайсаңбек секілді інілерінің мезгілсіз қазасына қатты қайғырған ақын ана 89 жасында мәңгілік сапарға аттанып еді.

Мәриям апаның 1992-ші жылы үнтаспаға жазылған бір сұхбаты Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған екен. Мәриям Хакімжанова КСРО жазушыларының алғашқы сезіне қатысқан қазақ қыздарының бірі еді. Сол бір сәтті ақын осы сұхбатында еске түсіріпті.

Хабардың толық нұсқасын бүгін, әріптесіміз Жанат Жанұзақтың сағат 15:10-да эфирге шығатын «Дәуір үні» хабарынан тыңдай аласыздар.

Мәриям Хакімжанова— ақын, ҚР-ның халық жазушысы. Хакімжанова Мәриям өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Ол балалар жазушысы Т.Диктің “Отты бұлақ” повесін, қырғыз ақындары А.Тоқамбаевтың, Т.Сатылғановтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Хакімжанова Мәриям-ның өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған.