Майра Ілиясова тыңдармандардың көңілін табу үшін үнемі ретро әндерді орындауға мәжбүр. Себебі, ескі әндер үнемі халықтың көкейінде. Сондықтан өнер иесі жас композиторлардың туындысынан бас тартатын көрінеді. Ұнап жатса, орындауға тырысады. Дегенмен, әнші репертуарына ХХ ғасырдың танымал туындыларын жинақтаған.

Бұл туралы продюсер Қазақ радиосындағы «Ән салlike» бағдарламасында бөлісті.

«Маған кейді 10-20 әнді алып келеді. Ауыл-аймақ, облыс барлық жерден хабарласып әндерін ұсынып жатады. Өзімнің жаныма жақын әнді ғана таңдай аламын. Көбінесе, ол әндердің тыңдармандарын таба алмаймын ба деп қорқамын. Қазіргі таңда өзіме ұнайтын композиторлар бар. Арман Бексұлтанның, Ілия Жақановтың әндері жаныма жақын. Тұрсынжан Шапайдың өнеріне басымды иемін. Кейінгі толқыннан Ғазизхан Шекербековтың шығармаларын тыңдаймын. Өзімнің шкәірттеріме ән жазып беруін сұраймын»,- дейді әнші Майра Ілиясова.