Қазақстандық видеоблогерлер 2 жылдан бері «Хаха_show» жобасын жүзеге асырып келеді. Осы уақытта вайн жүргізушілері көпшілікке инстаграм желісі арқылы қазақша әзілдерді ұсынып жүр. Қазіргі таңда бастамашыл жастар түрлі бағытта  жұмысын жалғастырып келеді.  
Аз уақытта вайнерлер 700 000 көрермен жинап үлгенген. Олардың  дені 14-27 жас аралығын құрайды. Тұрақты көрерменнің 95 пайызы қазақстандықтар. Ал, жобаның негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы контенттің санын арттыру және ана тілімізді сәнге айналдыру.
«Негізі ақша табуға болады. Ең басты монетизация жарнама арқылы келеді. Қазіргі таңда қазақстандағы әрбір вайнердің ЖК немесе ЖШС бар. Мемлекеттік дәрежеде налог төлейміз. Менің компаниям «Хаха-шоу» деп аталады. Сонда директор болып табыламын. Кадрлар мәселесіне келетін болсақ, ұжымда 12 адам бар. Оператор, бухгалтер, режиссер сынды қызметкерлеріміз жұмыс жасайды. Кішкентай қарапайым болып көрінгенімен, үлкен еңбек жатыр», - дейді  Ақсұлтан Қалиев.