Қазақстанда ауыл шаруашылығына берілетін субсидия бүгінгі таңда 240 млрд.теңгеге жеткен. Бұл мемлекеттің аталған салаға деген қамқорлығы. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін 2,5 есеге көбейту керектігі жоспарланып отыр екен. Жалпы, мал азығы, дихандық және өсімдік шаруашылығының басқа өнімдерін өндіруге берілетін мемлекеттің көмектің нормативтері мен шарттары қандай? Осы сұрақтар төңірегінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті директорының орынбасары Мәуленов Ақпар Қазалыұлы Қазақ радиосының «Аграарлы Қазақстан» бағдарламасында айтып берді.

Ақпар Қазалыұлы:
«Мемелкеттік қолдау тиімділгін арттыру аясында біз тиімсіз субсидияларды қысқартып, есесіне қысқартылған қаражатты басқа да бағыттарға, яғни инвестициялық субсидия мен басқа да тиімді несиелеуге бөлуді қарастырып жатырмыз. Яғни, біз субсидияны қысқартып, қаражатты алып қоймаймыз. Керісінше, басқа да жолмен шаруаларға береміз. Қаражаттың көлемі сол қалпында қалатын болады».

«Былтырдан бастап субсиядия беріп келдік. Алайда өнім мөлшері сол қалпында қалып қойды, жем- шөп дақылдарының алқабы да қысқарып жатыр. Беріліп жатқан субсидия шарауалар шығынының тек 10-15 пайызын ғана жауып жатса, демек одан еш пайда жоқ. Сондықтан былтырдан бастап дәнді дақылдарға берілетін субсидияны қысқарттық. Ал, биыл майлы дақылдарға, жем-шөп дақылдарына және жабық топырақтарда өсірілетін көкөністерге субсидия беруді тоқтатамыз. Біз мұны жан-жақты қарастырып, зерттедік. Әрине, қысқарту деген оңай нәрсе емес. Субсидияға қарағанда арзан әрі ұзақ мерзімге берілетін несие беру жағы тиімді. Бұл шаруалардың да сұранысынан туындап отыр» ,-дейді Ақпар Қазалыұлы.