Соңғы жылдары өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыруға баса мән беріліп отыр. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған ауыл шаруашылығы басым дақылдарының нормотивтері және өсімдік шарушылығы бойынша субсидияның берілу реті қандай?

Бұл сұрақтарға Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті директорының орынбасары Мәуленов Ақпар Қазалыұлы Қазақ радиосының «Аграрлы Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.
«Күріш дақылына субсидия осы уақытқа дейін гектарына қарай беріліп келсе, ендігі уақытта қайта өңдеуге тапсырылған күріштің тоннасына қарай беріледі. Ал, қант қызылшасы бұрынғы күйінде қалады. Мақтаға келсек, бұрын жартысы гектарына, жартысы тоннасына қарай берілсе, бұдан былай тек тоннасына ғана беріледі. Оның шарттары әр бағыттың ережелерінде жазылған. Ал, субсидияны облыс әкімдіктері береді. Олар бізбен нормативтерін келіседі», -дейді Ақпар Қазалыұлы.