Мұхтар Әуезов өз ұлтының ұлы мұраларын тану арқылы өз халқына қызмет етті. Ұлт мұрасына адал болу арқылы халықтың санасына шырақ жақты. Халық ұлағатын насихаттау арқылы жас ұрпаққа дұрыс жолды меңзеді.

Заманмен бірге адам да өзгеру керек. Қазақ жастары осы ұлы көште бағытынан адаспаса дейді. Бұл Мұхаңның сонау 1957-ші жылы айтқан сөзі.Кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі болған, ұлтымыздың ұлы жазушысы – Мұхтар Әуезовтің бұл ой-толғауы Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақталған.

Ертең сағат 15.10-да Қазақ радиосының әуе толқынына шығатын "Дәуір үні" хабарын өткізіп алмаңыз. Ұлы жазушының дауысын тыңдағыңыз келсе Қазақ радиосын қосыңыз!