«Осы айдың ортасында «Көк аспан» әніне бейнебаян түсіріледі. Айдың аяғында жарық көреді деген ойдамын» - дейді әнші Дастан Оразбеков Шалқар радиосы «Таңжарық» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Көк аспан» әніне бейнебаян түсіру үшін маған жарты жыл керек болған шығар. Өйткені, бір режиссермен енді келістім дегенде болмай қалады. Екіншісімен келіссең, аяқ жағында жұмысым басталып кетті, үлгере алмай жатырмын дейді. Ең соңында Жеңісхан Момышевқа келіп тоқтадық. Ол да әзірге АҚШ-тамын, келгеннен кейін түсіреміз деді. Ең соңына дейін күтіп, енді түсірейін деп жатырмыз. Режиссурасын жоспарлап қойдық. Әзірге құпия болсын».