Жас әнші Данэлия Төлешова болашақта өнер жолында қалады ма? Әлде сахнадан алыстайды ма?

Жас өнерпаз осы сауалдарға Астана радиосында жауап берді.

«Сахнада өзіме ұнайтын нәрсені жасаймын. Жұлдыз болудың негізін түсінбеймін. Адамдардың барлығы бірдейміз. Біреу мықты аспаз, біреу құрылысшы.Әркімнің өз жолы, өз бағыты бар. Менің болашағым қандай болатынын білмеймін. Әзірге өмірімді әнмен байланыстыруды жалғастыра беремін. Өйткені, әнші болу маған ұнайды. Өзіме ұнаған іспен айналысып келемін»- дейді жас өнерпаз.