Әлемдегі ең бай Қытайлық кәсіпкер АҚШ-Қытай сауда соғысы жайлы пікірін білдірді.

Қытайдың Хайнань аралында өтіп жатқан Боао азия форумында Alibaba Group директорлар кеңесінің негізін қалаушы және төрағасы Джек Ма Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардпен сұхбат өткізді.

Сұхбат барысында Джек Ма: «Саудада қағысып қалу- әлемдегі экономикалық әлеуеті жоғары Қытай мен АҚШ сияқты үлкен мемлекеттер үшін қалыпты жағдай, алайда осы шиеленісті неге сауда соғысы арқылы реттеу керек? Ол тұмауды емдеу үшін химиотерапияға жүгінумен бірдей» деген пікірін білдірді.
«Сауда дегеніміз не? Бұл өзара құрмет, ережелер мен келіссөздер. Ешкім жаһандануды тоқтата алмайды. Егер сауда тоқтаса, соғыс басталады», - деді Джек Ма.

Әлемдегі ең бай Қытайлық кәсіпкер; «Егер Қытай 40 жыл бұрын реформалар саясатын жүргізіп, ашықтыққа қадам баспаса, онда Джек Ма да бүгін болмас еді», - деп сөзін түйіндеді.

Қайнар көзі: finance.jrj.com.cn
                (金融界)