Терме-толғау – қазыналы қазақ тарихынан сыр шертіп, замана болмысын айқындап, тәрбие беретін құдретті өнер. Күмістей салмақты, бабалар мұрасын ардақтай, сәруәр сөзді салмақтай білетін талғамы таза ағайынға арналған Қазақ радиосының «Толғау-Терме» бағдарламасы әр аптаның бейсенбі күндері сағат 14:10-14:55 аралығында эфирге шығады.

Бағдарламаның кезекті шығарылымында көңілдің көк дөненін сезімнің селіне малшындырып, кеше ғана Қабылиса Асанұлы атындағы І-Республикалық «Жыр атасы-Қабан жырау» атындағы жыршылар байқауының жүлделі орынын иеленген, Халқаралық, Республикалық байқаулардың лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақ Ұлттық өнер университетінің тәлімгері термешісі Ерболат Шалдыбекпен сұхбат өткізіледі.

Қазақ радиосы әр шаңырақта қосулы болсын!