Қазақта елге қорған болатын елдің қамын ойлайтын адамдар өте аз шығып жатыр. Отан - отбасынан басталады. Отбасындағы ата-аналар ең басты қағиданы баланың бойына сіңіре алмай жатыр. Неге?

Шалқар радиосы "Өнегелі отбасы" бағдарламасының қонағы – Филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы ғалым Омар Жәлел мырза осы сұраққа жауап берді.

«Себебі өздерінің өрісі жетпей жатыр. Біздің ата-аналарымыздың көбісінің айтатыны: «Оқуыңды жақсы оқы, қызметке тұр, бала-шағаңды асыра. Болды». Ал, бабаларымыз айтқан: «Ер – ел үшін өмір сүрмесе, қолтығы сөгіліп, адымы ашылмайды» деген. Адамның бойындағы барлық потенциалы осы қағида арқылы ғана ашылады. Батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғынды алайық. Бұлардың барлығы ел үшін туған ерлер. Қазақ айтады: «Ақылың жетпесе, біреуден ақыл сатып ал» дейді. Яғни, сенің осыны айтуға ақылың жетпесе, ең құрымағанда батырлар жырын балаға оқыту керек. Сол кезде бала сол мативті өзі түсінеді, өз бойына сіңіреді. Сонда ғана бүгінгі заманның Қобыландылары, Алпамыстары дүниеге келеді. Отбасында құнарлы тәрбие болмаса, ол бала елге қорған болып, кеудесін оққа тосатын бала өсіп шықпайды».