Мәшһүр Жүсіп атамыз: «Бай кедейге бөлмеймін, жақсы жаман демеймін. Кім әуелі Алланы аузына алып, содан кейін сұраса, соны желеп жебеймін» дейді. Біз қазір бала сұрау мәдениетімізді жоғалтып алдық. Қазір қаншама баласы жоқ ата-ана бар. Бірақ, сұрауын білмейді» - дейді филология ғылымдарының кандидаты, Абайтанушы ғалым Омар Жәлел мырза Шалқар радиосы «Өнегелі отбасы» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Адам ата жеме деген жемісті жеп, жұмақтан қуылған кезде тәубесі қабыл болмай, 500 мың жыл Алладан: «Ия, Алла! Менің күнәмді кеш!» дегенде, Алла қабыл қылмады дейді. Содан бір күні жұмақтың маңдайшасында: «Ля Иляха илля Ллах, Мухаммад – расулю-Ллах» деп жазылып тұр екен. «Әй осы Мұхаммед деген кім? Осының атын атам сұрап көрейінші» деп: Ия Алла Тағала! Мұхаммед досыңның құрметіне берші дегенде, Алла Тағала: «Міне бәрекелді! Дәл Айттың. Енді тәубәңді қабыл алдым» деген екен. Сондықтан қазақ айтады: « Әулие өлсе де, кереметі жойылмайды» - дейді».