Сүйінші!!! Өмір ағынында бір-бірінен көз жазып қалғандарды табыстырып, талай жүрекке үміттің сәулесін ұялатқан Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы әже мен немересінің қауышуына ықпал етті.

1993 жылы дүниеге келген Эльвира Қайраткызына іздеу саламыз деп, Қалдыбек Анарбекұлы "Бармысың, бауырым?" бағдарламасына 7 сəуірде хат жазып хабарласқан. Бағдарлама қызметкерлері хат иесі көрсеткен ақпаратта жеңгесінің фамилиясы мен оның əкесінің есімінде қате бар сияқты деген сеніммен өз нұсқаларын айтқан. Сол ақпарат бойынша көп өтпей бір ауылға барып, жергілікті қариялардан сұрастырып, құдасының есімін айтып, көздеген мақсатына жетті, Эльвира табылды!

Əже мен немере телефон арқылы сөйлесті. Бұдан былай екі үйдің арасында ат ізі суымасын деп тілектестік білдіреміз. Қалдыбек Анарбекұлы да біздің бағдарламаға алғысын айтты. Осылайша, аз күннің ішінде, 21 жылдың түйіні шешіліп, əженің арманы орындалып, немересімен қауышты. 

Жақыныңыз жаныңыздан табылсын!
Еске сала кетсек, "Бармысың, бауырым?" бағдарламасы Қазақ радиосының әуе толқынында əр сəрсенбі 11:15 - те тікелей эфирде өтеді. Студияға ☎ 8(717-2)75-72-75 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар жəне қосымша ақпарат алу үшін: ?87075355383 нөміріне қоңырау шалыңыздар.