Әнші Сандуғаш Стамғазиева тойға келген қонақтарға арзан дүние бергенді құп көрмейді. Оны құнды дүниемен алмастыруды алғашқылардың бірі болып бастап та кеткен өзі.

Өнер иесі қонаққа оқулықты сыйға беруді әдетке айналдыпты. Бұл туралы әнші Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында бөлісті.

«Тойбастарға қытайдың арзан заттарын беріп жатады. Барлығымыз соны таласып аламыз. Тойдан алған сыйлығымызға мәз болып қайтамыз. Осы уақытқа дейін 2-3 той жасадым, сонда қонақтарға кітап тарқаттым. Неге десеңіздер білімге көп көңіл бөліп жатырмыз. Жақында тағы бір той ұйымдастырудамын. Соған М. Мақатаевтың кітаптарын алдым.Тойға келген қонақтарыма таратуды жоспарлап отырмын.Әншілерде тіл байлық шорқақтау болады. Сондықтан, білімімізді жетілдіру үшін, кітап оқу қажет. Көбіне, өзім М. Мақатаевтың өлең-жырларын көп оқимын»,- дейді Сандуғаш Стамғазиева