Бауыржан Оспанов | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Бауыржан Оспанов

Бауыржан Оспанов

        Бауыржан Кеңесбекұлы Оспанов (12 наурыз, 1968 жыл, Алматы облысы, Жыланды ауылы) - Қазақстан бокс және күрес федерацияларының вице-президенті, белгілі қазақ кәсіпкері, меценат. "ZHERSU" инвестициялық-өндірістік корпорациясының бақылау кеңесінің төрағасы. Forbes Kazakhstan журналы Бауыржан Оспановты 2014 жылғы Қазақстанның 50 бай адамы тізіміне кіргізді. Ол тізімде 320 миллион доллармен 32 орынға орналасты.

        Білімі

        Бауыржан Оспанов 1985 жылы мектепті бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Энегетика институтының Электр станциялары мамандығына түседі. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша оқыған.

        Еңбек жолы
  • 1992 – 1995 ж. – НПП «Технопром», директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
  • 1995 – 1997 ж. – «Назар» АҚ, вице-президент;
  • 1997 – 2001 ж. – «АЕК Инжиниринг» ЖШС, директордың орынбасары;
  • 2001 – 2008 ж. – «TSC Group Corporation» ЖШС, Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • 01.10.2008 ж. бастап – «ZHERSU» ИӨК" ЖШС, бақылау кеңесінің төрағасы.
        Қоғамдық өмірі

        Бауыржан Оспанов 2006 жылы балалар жазушыларын қолдауға арналған "Дарабоз" сыйлығын тағайындады. Аталмыш сыйлық жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
        Бауыржан Оспанов Қанат Исламға және Жанқош Тұраровқа демеушілік қолдау көрсетеді.