Жүрсін Ерман | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Жүрсін Ерман

Жүрсін Ерман

        Ерман Жүрсін Молдашұлы - ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының  Төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденімен марапатталған. 
       1951 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының бұрынғы Қарсақпай ауданындағы Сталин ұжымшарында туған. Мектепке барып, тәлім-тәрбие алған жері – Құлжанбай ауылы.
        Еңбек жолын 15 жасында Жезді аудандық  «Октябрь туы» газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген.
        1978-1980 жылдары Жезқазған облыстық теледидарында бас редактор, 1983-1992 жылдары Қазақ республикалық теледидарында бас редактор қызметін атқарды. «Қазақ әдебиеті» газетінің, «Жұлдыз» журналының поэзия бөлімдерін басқарды. 2006-2010 жылдары Қазақ радиосының және «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Бас директоры қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдары Республикалық Кітап мұражайының директоры болып қызмет  істеді.
        Жезқазған теледидарында қызмет істеген жылдары (1972-1980) ақындар айтысының теленұсқасын жасау арқылы асыл мұраны жаңғырту жолын бастады. 1984 жылдың наурыз айынан бергі отыз жыл бойы айтыстың республикалық телеарналардан насихатталу  ісіне бас ие болып келеді.
        «Жанартау», «Арайлы күн, армысың!», «Ұлытауға бардың ба...», «Құдіретке жүгіну», «Екі тізгін, бір шылбыр», «Құстың көлеңкесі», «Ырғай», «Арнадым сізге», «Көктөбедегі кездесулер», «Алыстан және жақыннан», "Гөй-гөй" т.б. кітаптары жарық көрген.