Секен Тұрысбек | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Секен Тұрысбек

Секен Тұрысбек

        Секен Кәрімұлы Тұрысбек (1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында туған) — қазақ композиторы, күйші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1989), Парасат және Құрмет ордендерінің иегері. Секен Кәрімұлы Тұрысбеков 1961 жылы 22 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында дүниеге келген. Секеннің азан шақырып қойған аты - Серікболсын. Семей музыка училищесінде оқып, содан кейін, Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, М.Әубәкіров жетекшілігімен) бітірді. Консерваторияны бітіргеннен кейін "Сазген" ансамблі кұрамында еңбек етті. 2001 ж. Еуразия университеті жанындағы "Қоңыр қаз" ансамблінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды.
  • Сәкен Тұрысбеков - "Көңіл толқыны", "Ақжарма", "Ақ жауын", "Балауса", "Дарабоз" күйлерінің және "Аққу сазы", "Ерке құсым", "Көктемім менің", "Қоңыр қаз", "Шағала" әндерінің авторы.
Марапаттары
  • 1989ж. — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты;
  • 1992ж. — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі;
  • 2011ж. — Құрмет ордені;
  • 2017ж. — Парасат орденімен марапатталды.