Толымбек Әлімбекұлы | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Толымбек Әлімбекұлы

Толымбек Әлімбекұлы

        Толымбек Әлімбекұлы (18.03.1954, Жуалы ауданы Шақпақ ата ауылы) – сатирик, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
        Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1974). 1974 – 1989 ж. Жамбыл облысында «Шұғыла – Радуга», «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол»), газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі, Қордай ауданы «Коммунизм жолы – Путь к коммунизму» (қазіргі «Қордай шамшырағы – Кордайский маяк») газеті редакциясында редактор, «Ара-Шмель» сатиралық журналында бөлім меңгерушісі, Қазақ теледидарында бас редактор қызметін атқарды. «Қарлығаш», «Алтыбақан», «Күлеміз-ау», «Тамаша», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «О, несі-ей?», «Когда солнце смеется» секілді жинақтарға сатиралық өлең-әңгімелері енген. Р.Белецкийден, Ф.Буляковтан, М.Задорновтан тәржімаланған комедиялары М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық дра­ма театрында қойылды. 1997 ж. «Ләм-мим» деп аталатын әңгімелер жинағы жарық көрді.