Айнұр Тұрсынбаева | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Айнұр Тұрсынбаева

Айнұр Тұрсынбаева

       Айнұр Тұрсынбаева (1977 ж. туған, Семей облысы, Ақсуат ауданы, Көкжыра ауылы) – айтыскер ақын.
       Онжылдық мектепті 1994 ж. Мойынқұм ауданында бітірген. Айтыс өнерінде алғаш 1991 ж. Қайрат Рысқұлбековке арналған облысаралық ақындар сайысында көзге түсті. Төле бидің 330 жылдық мерейтойында жүлделі екінші орынды жеңіп алды. 1994 ж. Семейде Абайға арналған мектеп оқушыларының айтысында бас жүлдесін алып, Абайдың 150 жылдық мерейтойында өткен республикалық ақындар айтысының да жүлдегері (7 орын) болған жас талант. Жамбылдың туғанына 150 жыл толуына арналған ақындардың республикалық айтысында 2-орынды иеленді. Айнұр Тұрсынбаева тек өзіне ғана тән сыпайы ойын асықпай, жұмсақ қоңыр үнімен тыңдаушының көкірегіне сәуле құярлық етіп, толғантып-тебірентіп жеткізеді. Кейінгі жылдардағы «Айтыста» бірнеше рет бас жүлдені жеңіп алды.