Максим Раков | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Максим  Раков

Максим Раков

        Максим Сергеевич Раков (1986 жылғы 7 ақпанда дүниеге келген) - қазақстандық дзюдошы, дзюдодан ҚР-ның еңбек сіңірген спорт шебері, 100 кг дейінгі салмақта 2009 жылғы әлем чемпионы.
        1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2002 жылдан бастап дзюдо тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Раков Сергей Капитонович пен Байшұлақов Талғат Сайранұлының жетекшілігімен жаттығады.
        100 кг дейінгі салмақта жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Оңтүстік Корея, 2002); Азия ойындарының күміс жүлдегері (Катар, 2006); Дзюдодан «Суперкубок әлемі» халықаралық турнирінің 2 дүркін жеңімпазы (Германия, 2006, Голландия, 2008); Азия чемпионатының қола жүлдегері (Кувейт, 2007); Әлем кубогының күміс жүлдегері (Австралия, 2008); Азия чемпионы (Тайвань, 2009); дзюдодан әлем чемпионы (Голландия, 2009).
        Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес, Олимпиада ойындарына лицензияны алу үшін спортшылар 2010-2012 жылдардан бастап екі жыл бойы халықаралық рейтингтік жарыстарда бәсекеге түсіп, Олимпиада ойындарына қатысатын 22 үздік спортшылардың тізіміне кіруі тиіс. Максим рейтингте бірінші орын алып, 2012 жылғы Олимпиадаға лицензия алды. Бірақ 1/16 финалда жеңісті әзірбайжандық Эльмар Гасымовқа беріп қойды.