Сауық Жақанова | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Сауық Жақанова

Сауық Жақанова

        Жақанова Сауық Мәсіғұтқызы - диктор, филолог, доцент, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері.  
        1945 жылы 11 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданының Еркіндік ауылында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1966). «Сөйлеу техникасы» (2002), «Жүргізушінің сөйлеу мәдениеті» (2004) кітаптарының авторы.  1966-2002 жылдары - Қазақ радиосының дикторы. 1998 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сахналық сөйлеу пәнінің дәріскері. 2000 жылдан бері - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде дәріскер, доцент. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған (1985). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1995).