Баян Секербаева | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Баян Секербаева

Баян Секербаева

        Баян Секербаева - қоңыр даусы жүрекке қонымды тележүргiзушi.
        1997 жылы Астанаға ұлттық арнаның бөлiмшесi көшiрiлген уақытта «Ақшам» ақпарат бағдарламасы бас редакторының орынбасары, жауапты шығарушысы қызметтерін атқарды. Ұлттық арнада жаңалықтар бөлiмiнде қызмет еттi. Бастапқыда «Қазақстан», одан кейiн «Шарайна», «Хабар», «Ақшам» атты ұлттық арнадағы бағдарламалар диктор есiмiмен тығыз байланысты.  2008 жылы қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлiмiне ауысып, сонда «Асқақ рух» атты мүгедектер мәселесiн көтерген бағдарламаны жүргiздi. «Сiз бен бiз» ток шоуы, «Азамат» хабары жарыққа шықты.