Есен Елеукен | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Есен Елеукен

Есен Елеукен

Есен Елукен (1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған) — «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті. Құрмет орденінің иегері (2016).

  • Есентүгел Баймұханбетұлы 1973 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.
  • Еңбек жолын 1990 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз совхозында бастаған.
  • 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы «Технологиялық процестер мен өндірісті автоматтандыру» мамандығы бойынша бітірген.
  • Әскери міндетті (запастағы офицер).
  • 1996-99 жылдары Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Жаратылыстану және гуманитарлық институтының «Биоэкология» кафедрасында тағылымдамадан өтуші – зерттеуші.
  • 1998-2002 жылдары «Юмакс» радиосында қарапайым қызметші болып жұмыс бастап, қазақ редакциясының бас редакторы лауазымына дейін көтерілген.
  • 2002-2005 жылдары «Қазақ КТК (КВН) лигасы» РЖҚБ-ның вице-президенті.
  • 2005 жылдан бастап – «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің Президенті.
Ақпарат wikipedia.org сайтынан алынды

/ eleukenesen