Оңғарбек Құралов | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Оңғарбек Құралов

Оңғарбек Құралов

Оңғар(бек) Құралов 1970 жылы 9 желтоқсанда дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Қазақ радиосының шетелдерге хабар тарататын «Тұран» редакциясында аға редакторлықтан бастаған. 1997-2007 ж. аралығында Қазақ радиосының Ақпарат редакциясында редактор-жүргізуші, комментатор, аудармашы, бөлім меңгерушісі, шеф-редактор, бас редактордың орынбасары, бас редактор қызметтерін атқарған.
2007 жылы Қазақ радиосының сайтын алғаш ұйымдастырушылардың бірі болды және сайт контентін жасақтаумен айналысып, сайт жұмыстарын жолға қойды, веб-сайт қызметінің Аға редакторы болды.
2008-2009 Қазақ радиосы Қоғамдық-танымдық бағдарламалар редакциясының Бас редакторы;
2009-2012 жж. Қазақ радиосы Бағдарламаларды қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Үйлестіру, шығару және әлеуметтік роликтер бөлімінің жетекшісі;
2012-2014 жж. Қазақ радиосының Бас редакторы;
2014-2017 жж. Қазақ радиосының Бағдарламалар директоры қызметтерін атқарды.
2017 жылдан «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бағдарламалау, шығару және үйлестіру қызметінің Бас редакторы.
Осы жылдар ішінде «Бір оқиға ізімен», «Ашық әңгіме», «Қаламгер», «Атамекен» т.б. хабарларын әзірлеп жүргізді. 2005 ж. «Біз қалай сөйлейміз?» хабары үшін және 2011 ж. «Тіл мәдениеті» хабары үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл Комитеті ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық конкурстың «Үздік радиохабар» номинациясы бойынша жүлдегері атанды.
2001 ж. ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты.
2016 ж. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иегері.