Нәзира Бердалы | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Нәзира Бердалы

Нәзира Бердалы

1980 жылы 5-ші шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келген. 1997-2001 ж.ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2001-2003 ж.ж. магистр академиялық дәрежесі алады. Еңбек жолын1999-2000 ж.ж. «Қайнар» университеті, «Студент» газетінің тілшісі болып бастайды. (қазақ және орыс тілінде) 2000-2001 ж.ж. Қазақ радиосының комментаторы, 2001-2002 ж.ж. «Қазақстан» телеарнасы «Таңшолпан», «Жаңа күн» бағдарламаларының редактор-жүргізушісі, 2002-2003 ж.ж. «НТК» телеарнасы «Сәлемдеме», «Саз сандық» бағдарламаларының жүргізушісі, 2003-2006 ж.ж. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Алтын қақпа» бағдарламасының жүргізушісі, «Түнгі қонақ» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, 2005-2006 ж.ж. «Оян, қазақ» шығармашылық тобының жетекшісі, 2006 ж. «Алматы» телеарнасы Бас редакторының орынбасары, 2006-2008 ж.ж. «MediaNet» халықаралық журналистика мектебінде дәріскер, 2008-2011 ж.ж. «Қазақстан» ұлттық телеарнасы Таңғы бағдарламалар бірлестігінің жетекшісі, «Сөзмерген», «Меншікті мекен» бағдарламаларының жүргізушісі, «Екі жұлдыз» мегажобасы 3-кезеңінің финалисті, 2012-2013 ж.ж.«Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Риясыз әңгіме» бағдарламасының редакторы әрі жүргізушісі, 2013 жылдан бастап қазірге дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Бағдарламалар өндірісінің шеф-редакторы қызметтерін атқарған. 2017 ж. сәуір айынан бастап Қазақ радиосындағы «Ақ отау» отбасылық ток-шоуының авторы әрі жүргізушісі болып қызмет етіп келеді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын. «Жаңбырлы түн» (2001), «Сүйген жүрек» (2009). «Ару әлем» (2014) жыр жинақтарының авторы.
Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты (2004) 2014 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің әдебиет саласындағы сыйлығының иегері, 2011 ж. Қазақстан ардагерлер қауымдастығы Б.Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстады. 2006 ж. Тәуелсіз Қазақстанның білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Б. Әйтімовамен кездесіп, алғыс хатқа ие болды, 2005 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында «Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша Бас жүлде иегері («Алтын қақпа» бағдарламасы үшін) Отбасылық жағдайы: тұрмыста