Абдилов Алибек Сагидолла-улы | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Абдилов Алибек Сагидолла-улы

Абдилов Алибек Сагидолла-улы

2010 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Журналистика және саясаттану факультетін тәмәмдады.
2013 ж. «Бұқарамен байланыс орнатудағы радионың рөлі» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғады.
Әр жылдары мемлекеттік және коммерциялық радиоларда қызмет етіп, жаңалықтар топтамаларының қазақ және орыс тіліндегі жүргізушісі, редакторы, бас редакторы қызметтерін атқарды.
2016 – 2017 жж. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Орталық коммуникациялар қызметінің бас сарапшысы болып, елімізде өткізілген маңызды шаралардың (Астана процессі, ЕХРО-2017, т.б.) баспасөз конференцияларының модераторы қызметін атқарды.
Журналистика саласына қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Алғыс хатымен, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
2017 ж. ҚР Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың қаулысымен «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды.