Қуаныш Кәрім | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Қуаныш Кәрім

Қуаныш Кәрім

Мен Қуаныш Кәрім. 1989 жылы 18 тамызда Алматы облысы, Көксу ауданы, Амангелді ауылында туғам. Әкем - Кәрім мектепте күзетші. Анам -Қатира үй шаруашылығында. Отбасында үш ағайындымыз. Бір қарындасым, бір інім бар. Бүгінгі таңда барлығы жеке отбасылы. Мен 2007-2011 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде филология факультетінде білім алдым. Оқуды аяқтаған соң Алматыда телеарна, газет журналдарда қызмет жасап, 2013 жылы астанаға қоныс аудардым. Астана қаласы мүгедектермен қарттарға арналған мекемеде ұйымдастырушы ретінде қызмет жасай жүріп, «Астана» телеарнасында қосымша жұмыста болдым. 2014 жылдан бастап Қазақ радиосында бүгінгі күнге дейін журналист ретіндеқызметтемін. Үйленгем, екі ұлым бар. Есімдері Ясин, Альсафар. Жұбайым Алматының тумасы, мамандығы - суретші. Бүгінгі таңда бала күтімімен үйде. Әйелім тұрақты, ал балалар саны болашақта көбейеді деп үмітенем.