Мәди Манатбек | Қазақ Радиосы / Казрадио / Kazradio / Qazradio
Мәди Манатбек

Мәди Манатбек

Мәди Манатбекұлы  1978 жылы 25 мамырда дүниеге келген.  2006 жылы Көкшетау университетінің заңгер мамандығын меңгерген.
Еңбек жолын  1998 жылы республикалық «Нартәуекел» газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1999 жылы қалалық «Шымкент келбеті» газетінде жалғасты.
2000 жылдан бастап  «Отырар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, таңғы «Нұрлы арай»,  спорттық «Топжарған»,  қылмыстық «Экстренный вызов» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі болды.
Ал,  2001-2006 жыл  «Астана» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі,  апталық ақпараттық-сараптамалық «Үш ширек», «Ашық әңгіме»,  спорттық «Топжарған»,   қылмыстық «Оқиға ізімен» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі. Сондай-ақ,  бағдарламалар өндірісі қызметінің жетекшісі болды.
2006 жылы  «31 арна» Астана қосынының тілшісі, 2007 жыл «MARMILAT» жарнама агенттігінің директоры.
2008 жылы  «Хабар» Агенттігі» АҚ  жаңалықтар қызметінің жүргізушісі.
2010-2013 жыл аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ  апталық ақпараттық-сараптамалық «Аptа.kz» бағдарламасының жүргізушісі; қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі,  «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013 -2017 ж.ж.  «BAQORDA media group» ЖШС-нің Бас директоры.
2017 жылдың наурызынан бастап «Республикалық радио» ЖШС-і бас директоры.